2022 жылдың 23 маусымында Республикалық «Дарынды жастар» жобасы аясында «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» байқауы ұйымдастырылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды жастар қатысты.
Олардың қатарында университетіміздің Филология институтының студенті, Студенттік парламенттің мүшесі Берікбай Қаламқас бар, ол 1-орын алып, арнайы төсбелгі мен дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, оның мақаласы «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» жинағында жарияланды. Абай атындағы ҚазҰПУ студенті еліміздің дарынды жастарының біріне айналғаны қуантады. Қаламқасты осы жоғары жетістікпен құттықтаймыз және оған жаңа шыңдарды бағындыруда табыс тілейміз!